ШҚО оқушылары бірегей роботтарды таныстырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның әр түкпірінен келген 99 қатысушы Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен World Robot Olympiad халықаралық олимпиадасының өңірлік іріктеу кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО оқушылары бірегей роботтарды таныстырды

Байқау қатысушылары жас ерекшеліктері бойынша - 12 жасқа дейінгі, 13-15 жас аралығында және 16-19 жас аралығында үш топқа бөлінді.

Шығармашылық санатта балалар түрлі роботтарды көрермен назарына ұсынды. Мәселен, Семейдегі «Білім - Инновация» лицейінің оқушылары - Бекарыс Мағауиянов пен Зейін Қанабеков hermetia illucens black soldier fly атты шыбын өсіретін ферманы көрсетті.
null

«Бұл шыбындар жануарлардың иммунитетін көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ, олардан биодизель алуға болады», - деп түсіндірді Зейін Қанабеков.

nullСемейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары - Назым Ғаділбекова мен Айғаным Сағидоллинова құрылыста панельдерді жоғары көтеретін роботты құрастырды. Ал Өскемен қаласындағы НЗМ 9-сынып оқушысы Мирас Есмұратұлы су қоймаларындағы су деңгейін анықтайтын компьютерлік бағдарлама ойлап тапқан.

Іріктеу туры нәтижесінде барлық қатысушылар сетификаттармен марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен кубоктар табысталды және олар 21-22 маусым күндері Астанада өтетін республикалық чемпионатқа барады.