ШҚО өндірушілері Астанаға 200 тоннаға жуық тауар алып келеді
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, осыған орай шығыс қазақстандықтар бірнеше шығармашылық туындыларын әзірлеп, облыстың даму деңгейін көрсету үшін тыңғылықты дайындалуда. Облыстың үздік фермерлері мен кәсіпорындары ауылшаруашылық жәрмеңкесінде ең сапалы өнімдерін ұсынады. Алаңда жалпы саны 106 шатыр орнатылып, сатылымға 4,8 тонна жылқы еті, 2,5 тонна сүт өнімі, 30 тонна бал, 5 тонна күнбағыс майы, 5 тонна шұжық өнімі, 76 тонна картоп және көкеністер, 40 тонна бақша дақылдары, 3 тонна балық, 3,7 тонна дәнді дақылдар, 6,5 тонна ұлттық өнімдер қойылады. Осылайша, жалпы құны 98 млн теңгеге 176,5 тонна өнім түрін қою жоспарлануда. Айта кетсек, жәрмеңке қалашығы Тұран даңғылы мен Қорғалжын тас жолының қилысында орналасқан «МЕГА» сауда орталығының алаңына орналастырылады.