ШҚО: Өрт сөндірушілер 20 гектарды шарпыған жалынды ауыздықтады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер қала сыртында 20 гектарлық алқапты шарпыған жалынды ауыздықтады, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт бүгін түстен кейін саяжайлық аудандағы Шешек өткеліне жақын маңда орын алған. Қураған ағаштар мен бұталар жанған. Секундына 15-20 метрге жететін ұйытқыған жел мен жер бедерінің күрделілігі өрт сөндірушілерге қиындық туғызған.
«Жақын орналасқан саяжайлық ауданға төнген қауіп-қатердің алдын алдық. Өртті ауыздықтауға барымызды салдық. Алайда кейбір жерлер бықсып жатыр. Сондықтан, ол жерден кеткен жоқпыз, өрт тұтана қалған жағдайда оны өшіру үшін бақылап отырамыз», - деді №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Павел Ларионов. Өртті ауыздықтауға 5 көлік пен бір орман техникасы, сондай-ақ жеке құрамның 20 адамы тартылды.
Өрттің себебі анықталуда.