ШҚО: Өскемен-Зырян-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары бағытында жолаушылар көлігі үшін қозғалыс жабылды

АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 12 қараша сағат 16:00-дағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты (қар, боран және жолдың нашар көрінуі) Шығыс Қазақстан облысында, Өскемен-Зырян- Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары бағытында жолаушылар көлігі үшін қозғалыс жабылды.

ШҚО: Өскемен-Зырян-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары бағытында жолаушылар көлігі үшін қозғалыс жабылды

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.