ШҚО өзендердегі су деңгейі төмендеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қатон-Қарағай ауданында Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі қазіргі уақытта 210 см құрайды.

ШҚО өзендердегі су деңгейі төмендеді

Коробиха, Өрел, Жамбыл ауылдық округтарындағы жағдай тұрақталды. Су деңгейі төмендеді, су басу қаупі жоқ. ТЖ хабарлағандай, «Қатон-Қарағай - Рахман қайнары» бағыты «МИ-8» тікұшағымен ұшу арқылы барланды. Көпірдің бұзылуына байланысты бұл жерде Берель ауылынан Рахман қайнарына дейінгі тас жол жабық болған еді. Соның салдарынан 1 маусымда Шығыс Қазақстан әуе құрылымының «МИ-8» тікұшағының көмегімен Өрел ауылындағы Рахман қайнары шипажайында демалып жатқан 50 адам қауіпсіз жерге тасымалданды. Бұл іске ШҚО ТЖД бастығының орынбасары, полковник А. Длимов, Қатон-Қарағай аудандық ТЖБ бастығының міндетін атқарушы, өрт сөндіру қызметінің майоры Т.Теміржанов, өрт сөндіру бөлімінің басшысы А.Құдайбергенов қатысты. «Жалпы Зырьян және Қатон-Қарағай аудандарындағы және Риддер қаласындағы өзенінің су деңгейі төмендеді. Жағдай тұрақталды. Су басу қаупі жоқ», - деді облыстық ТЖД қызметкерлері.