ШҚО өзендерінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр

мұз
Фото: Мухтар Холдорбеков/ Kazinform

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысындағы өзендерде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері күн сайын өзендердегі жағдайға мониторинг жүргізеді. Бүгін Шемонаиха қаласындағы автокөлік көпірі маңында мұзды ұсақтату үшін жарылыс жасалды.

«Дәл осы уческенің таңдалу себебі - Үбе өзенінде қатқан мұз көпір тіректеріне жабысып, өзенді бітеп, жағалауды су басуына әкелуі мүмкін. Жарылыс жұмыстарын жүргізбес бұрын мамандар сол жерге барып, мұздың қалыңдығын өлшеді», - делінген ақпаратта.

Мұндағы мұз қалыңдығы шамамен 1 метр болған. Тұрғындарға жарылыс туралы алдын ала ескертілді. Көпірдегі қозғалыс және оған кіретін барлық жол жабылды. Мұзды ұсақтау нәтижесінде 10000 шаршы метрден астам аумақ қамтылды.

Айта кетейік, кеше Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінде де мұз ұсақталған.

Соңғы жаңалықтар