14:32, 04 Қазан 2022 | GMT +6
ШҚО полицейлері ұрланған 25 жылқыны иесіне қайтарды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына ұрланған малының 25-і қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
«16 қыркүйекте Тарбағатай ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын жайылымнан 36 жылқы ұрланғаны туралы арызданды. Тергеу-жедел тобы құрылып, оған Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері басшылық етті.
22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрланған малдың бір бөлігі анықталды. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында аталған мал жем-шөп базасының аумағына уақытша орналастырылды», - делінген мәліметте.
Арыз түсірген тұрғынға 36 малдың 25-і қайтарылған.
«Сондай-ақ Тарбағатай ауданының басқа тұрғындарынан ұрланған мал табылды. Барлығы 47 мал тәркіленді», - деді полициядан.
Фото: polisia.kz