ШҚО полицейлері үш күн ішінде жүргізушілерден 30 млн теңге өндірді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының олиция қызметкерлері үш күн ішінде салығы мен айыппұлын төлемеген жүргізушілерден 29 млн теңгеден астам қаражат өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкімшілік айыппұлы бар борышкерлердің 225 автокөлігі мамандандырылған тұраққа қойылған.
«Борышкер» іс-шарасы аясында 1 105 жүргізушіге әкімшілік айыппұлдарына қатысты берешектері туралы хабарланды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында әкімшілік заңнама талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп жазды ШҚО полиция департаментінен.
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары сот орындаушыларымен бірлесіп, өңірде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда.