ШҚО санитарлық бақылау мекемесі Семейде жасырын аспаздық цехты айғақтады

None
None
ӨСКЕМЕН. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Семейде аумақтық Мемлекеттік эпидемиялогиялық қадағалау мамандары крем-кондитерлік бұйымдар шығарумен айналысатын жасырын цехты ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Егжей-тегжейлі эпидемиологиялық зерттеу кезінде қаладағы үш дүкеннен сатып алынған майлы крем қосылған балшөректің аурудың тууына тікелей себепкер болғаны анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік эпидемиялогиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметінде.Департамент директоры Тоқтасын Ерубаевтың ақпараты бойынша, Семейдің ауруханаларына уланған жеті азамат қаралған және олардың бесеуі жедел түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Тәулік ішінде қауіпті өнімді даярлаушылар да анықталды. Олар жеке кәсіпкер және жеке тұлға болып шықты. Жасырын цехта олар санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамай және қызметтің осы түріне рұқсатсыз өнім даярлаумен айналысқан.Қазір оларды тергеу органдарына беру үшін барлық қажетті құжаттар әзірленуде, ал Семейдің бас санитарлық дәрігері жасырын цехты жабу туралы қаулы шығарды.
Соңғы жаңалықтар