ШҚО стационарларында 426 науқас коронавирустан емделіп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда 426 адам коронавирустан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО стационарларында 426 науқас коронавирустан емделіп жатыр

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 109 адам тіркелді.

Оның ішіндегі 89 науқаста симптом бар болса, 20 адам сырқатты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 14 пациент коронавирустан толықтай сауығып шықты. Қазіргі уақытта облыс бойынша стационар жағдайында 426 науқас ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы Шығыс Қазақстандағы стационарларда төсек-орын жүктемесі – 21,4 пайызды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда өткен тәулікте 3653 адамнан коронавирус анықталғаны хабарланған.