ШҚО стационарларында коронавирустан емделіп жатқандар азайып келеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда коронавирустан емделіп жатқандар азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО стационарларында коронавирустан емделіп жатқандар азайып келеді

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 19 адам тіркелді.

Бүгінде стационар жағдайында 375 пациент ем-дом қабылдап жатыр.

Желтоқсан айының басында медициналық мекемелерде коронавирустан емделіп жатқандар 400 адамнан асқан болатын.

«Бір күнде 47 науқас жұқпалы дерттен толықтай жазылып шықты. 4 симптомсыз вирустасушы үй карантинін аяқтады. Жалпы облыста стационарларда төсек-орын жүктемесі – 16,1%-ды құрайды», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін өскемендік мұғалімдер мен ата-аналардың Pfizer вакцинасы жайлы пікірін бөліскені хабарланған.