ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Арман Есентаев тағайындалды. Ол бұған дейін аталған басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Арман Нағашыбайұлы – Шығыс Қазақстан облысының тумасы.
2004 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ал 2011 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін аяқтады.
Еңбек жолын ШҚО жер қатынастары басқармасында жетекші маман болып бастаған.
Әр жылдары бас маман, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2012 жылдан бастап ШҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында жұмыс істеп келеді.
2018 жылы басқарма басшысының орынбасары лауазымына тағайындалып, осы уақытқа дейін қызмет етті.
Еске салсақ, осыған дейін Асқар Жүсібалиев Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына басшы болғаны хабарланған.