ШҚО тасжолдарында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдарда ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 08.00-ден бастап «Өскемен-Шемонаиха - РФ шекарасы» тасжолының 15-123 шақырамында тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер қозғалысына шектеу енгізілді.
«Дәл осындай шектеу «Өскемен-Риддер - РФ шекарасы» тасжолының 15-105 шақырымында (Белоусовка кенті мен Риддер қаласының аралығы), «Таскескен-Бақты» тасжолының 0-75 шақырымында, «Алматы-Өскемен» тасжолының 615-967 шақырамында (Қалбатау ауылы мен Алматы облысының аралығы) енгізілген», - делінген ақпаратта.