ШҚО тауларында 5 рет жарылыс жасалып, 11 мың текше метр қар түсірілді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының тауларында 5 рет жарылыс жасалып, 11 мың текше метр қар түсірілді.

ШҚО тауларында қар түсірілді
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде күн күрт жылып кетуіне байланысты таулы жерлерде қар көшкіні жүру қаупі артып отыр.

«Осыған орай «Қазселденқорғау» мекемесі ШҚ филиалының мамандары профилактикалық көшкін түсіру жұмыстарын жүргізді. Өскемен-Алтай» тасжолының учаскесінде 5 рет жарылыс жасалды. Соның нәтижесінде, 11000 текше метр қар түсті. Көшкін жолды толығымен жауып қалды, - делінген ақпаратта.

Көп ұзамай жолдағы қар тазартылып, көлік қатынасы қайта жалғасты.

Айта кетейік, облыс бойынша көлік жолдары мен елді мекендерге қар көшкіні қаупін төндіретін 325 учаске бар.

ШҚО тауларында қар түсірілді
Фото: ШҚО ТЖД
ШҚО таулары
Фото: ШҚО ТЖД

 

Соңғы жаңалықтар