ШҚО тауларында 7 жарылыс жасалып, 10 700 текше метр қар түсірілді

Шығыс Қазақстан облысының тауларында 7 жарылыс жасалып, 10 700 текше метр қар түсірілді, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: Kazinform

«Қазселденқорғау» ШҚ филиалы мамандарының деректері бойынша, Алтай ауданындағы тауларда қар биіктігі шамамен 75 сантиметрге жеткен. Осыған орай азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Өскемен-Алтай» тасжолында профилактикалық қар көшкіні жүргізілді.

— Тау бөктерінде 7 рет жарылыс жасалып, 10 700 текше метр қар түсірілді. Жолды жауып қалған қар көп ұзамай толықтай тазартылды, — деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Осы ретте, құтқарушылар әлі де өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар екендігін айтып, тұрғындарға барынша абай болу қажеттігін ескертті.