ШҚО тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Осыған байланысты, өңірдегі селден қорғау мекемесінің мамандары қауіптің алдын алу шараларын өткізіп жатыр. Биыл тау арасынан өтетін жолдардағы қырқалардың бойында қырықтан астам жасанды жарылыс жасалып, 60 мың текше метр қар түсірілген. Жалпы өңірде қар көшкіні болатын 500-ге жуық қауіпті аумақ бар. Оның 336-сы қыста үнемі бақылауда болады. Ол аймақтарда елдімекендер орналасқан әрі көлік жолдары өтеді. Ал қары қалың маңдарға арнайы белгілер қойылған.

Биыл таулы өңірде қардың қалыңдығы 1 метрге жетіп қалған.

«Біздің филиалда 21 бақылаушымыз бар. Күн сайын олар қадағалап қар жауғаннан кейін өздерінің маршруттарымен қардың қалыңдығын тексереді.  Қардың ішкі құрылысын тексереді. Қардың темпратурасын тексеріп, содан бізге хабарлап, біз қорытынды жасаймыз. Сол бойынша  әр жерлерде профилактика жасаймыз», - дейді «Қазселденқорғау» ММ облыстық филиалы басшысының орынбасары Есімхан Бәтібаев. 

Соңғы жаңалықтар