ШҚО тауларында жарылыс жасалып, қар көшкіні түсірілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының тауларында жарылыс жасалып, қар көшкіні түсірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО тауларында жарылыс жасалып, қар көшкіні түсірілді

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемен-Алтай тасжолында жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді.

Жарылыс жұмыстары нәтижесінде 6090 текше метр қар түсірілді. Содан соң жедел түрде жол қардан тазартылды.

«Мұндай шараларды тауда қар жиналған кезде, әсіресе қалың қар жауғаннан кейін өткіземіз. Облыс бойынша барлығы 325 учаскеде қар көшкіні жүру қаупі бар. Оларға мониторинг тұрақты түрде жүргізілуде», - дейді «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев.

Еске салсақ, бүгін Өскемен-Алтай-Катонқарағай-Рахман қайнарлары тасжолының 62 шақырымында қар көшкіні жүргенін хабарлаған едік.


Фото: ШҚО ТЖД