ШҚО тұрғындары көлігіне VIP нөмір алуға 63 млн теңге жұмсады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары көліктеріне VIP-нөмір алуға бір жыл ішінде 63 млн теңге жұмсаған.

 VIP-номера
Фото: Рустем Айтхожин/ Kazinform

ҚазақстандаVIP нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген.

Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ШҚО филиалының мәліметінше, өңірдегі автокөлік иелері 2023 жылы 217 сәнді нөмірді 63 млн теңгеге сатып алған.

«010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылды. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (210 444 теңгені) құрайды. VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (1 052 220 теңге) тұрады», — делінген ақпаратта.

Мемлекеттік нөмір иесі оны үшінші тұлғаға бере алмайды немесе сата алмайды.

Автокөлік сатылған жағдайда иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін арнайы бағамен 6 айға дейін сақтай алады.

 

Соңғы жаңалықтар