ШКО тұрғыны өз қызын бірнеше жыл бойы зорлады деген күдікке ілікті

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында ер адам бірнеше жыл бойы өз қызын зорлаған болуы мүмкін. 

полиция
Фото: ІІМ

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық қыз шамамен 6 жаста болған кезде басталған. Қазір ол 14 жаста.

Күдікті шілде айының басында жұмыс орнында ұсталған. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды.
Тергеуді Риддер қаласының полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

— Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 120-бабы 4-бөлігі бойынша — кәмелетке толмаған адамды зорлау дерегі бойынша тергеліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде 22 жастағы жігіт мектеп оқушысын зорлады деген күдікке іліккені хабарланған