ШҚО тұрғындары дәрігерге интернет арқылы жазылып, уақыт үнемдеуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Глубокое ауданының тұрғындары «DamuMed» мобильдік қосымшасының көмегімен дәрігердің қабылдауына жазылуды бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО тұрғындары дәрігерге интернет арқылы жазылып, уақыт үнемдеуде

Елбасы тапсырмасына сәйкес, денсаулық сақтау саласын цифрлық бағдарламаға көшіру мақсатында ауданда бірқатар шаруа атқарылып жатыр.

«DamuMed» мобильді қосымшасындағы «Меніңжазылуларым» және «Менің шақыртуларым» модулі арқылы тұрғындар дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылып, жедел жәрдемді үйге шақыра алады. Бұдан бөлек, аталмыш қосымшада «Менің отбасым», «Дабыл түймесі», «Еңбекке жарамсыздық парағы», «Рецепттер» сияқты бөлімдер де қарастырылған», - дейді аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Борис Сивко.

Ресми дерек көздеріне сүйенсек, қазір Глубокое ауданының 150-ге жуық тұрғыны үйде отырып-ақ, дәрігер қабылдауына жазылыпты. Осылайша, аудан тұрғындары уақыттарын үнемдеп отыр.