ШҚО тұрғындары озық медициналық көмекті шетелге шықпай-ақ ала алады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі Ана мен бала орталығының материалдық-техникалық базасы АҚШ, Жапония, Германия, Үндістан, Австрия елдерінде шығарылған озық үлгідегі жабдықтармен толығуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш денсаулық мекемесіне облыс орталығымен бірге 11 аудан бекітілген.

null 

Өңір басшысы Даниал Ахметов орталыққа алынған заманауи жабдықтардың жұмысымен танысты. Мамандардың айтуынша, жаңадан алынған құралдар  ең күрделі деген емдік процедураларды әлемнің үздік емханаларына бармай-ақ, осында жасауға мүкіндік береді.

Соңғы 2 жыл ішінде аталмыш орталыққа АҚШ, Жапония, Германия, Үндістан, Австрия елдерінде жасалған соңғы үлгідегі жоғары технологиялық медициналық жабдықтар орнатылды. Тек өткен жылы облыс қазынасынан бөлінген қаражатқа 45 заманауи құрал-жабдық алынған. 

null 

Енді орталықта жаңа туған нәрестелерге толық қамқорлықты қамтамасыз ететін неонатальдық төсекалды монитор, ЛОР оталарын жасауға арналған бейнеэндоскопиялық кешен, интенсивті инкубатор, С-доғалы инвазивті емдік аппарат, компьютерлік томография кабинеті мен көз микрохирургиясы кешені жұмыс істейді.

«Орталық мамандары осы жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білуі тиіс.  Ол үшін медицинадағы озық технологияларды дер кезінде игеріп, біліктілік дағдыларын арттырып отыру қажет. Себебі, бұл мамандарға еліміздің ең құнды байлығын - балаларды тапсырып отырмыз» - деді Даниал Ахметов.  

null 

Айта кетейік, былтыр орталықтың бас дәрігері бастаған 10 дәрігер Англияда біліктерін арттырып келген-ді. Биыл тағы 20 маманды оқыту жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар