21:10, 20 Наурыз 2023 | GMT +5
ШҚО тұрғындарына 23 наурызға дейін таулы жерлерге бармау қажеттігі ескертілді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде 23 наурызға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 21-23 наурыз аралығында өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар.
«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, күннің күрт жылынуына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.