ШҚО тұрғындарына 700 мың тоннаға жуық көмір жеткізілді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жылыту маусымына дайындық жұмыстары межеленген жоспарға сәйкес жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап.
None
None

ШҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәулет Батырбаевтың мәліметінше, бүгінгі күні өңірдегі әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Денсаулық сақтау нысандары - 79%, білім беру нысандары - 76%, әлеуметтік қорғау нысандары - 82%, тұрғын үйлер - 63% дайын.

Ең бастысы, жылу көздері мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын отынмен қамтуға баса назар аударылуда.

Облыстағы ЖЭО мен жылу көздерінде 342 мың тонна немесе 165% эксплуатациялық қор жиналған. Жеткізу келісімшартқа сәйкес жүргізіледі.

Бюджеттік ұйымдарға көмірді жеткізу шілде айында басталды. Жалпы қажеттілік қоры - 132,1 мың тонна. Қазіргі уақытта 85 мың тонна немесе 62% жеткізілген.

Тұрғындарды жылыту маусымында көмірмен қамтамасыз ету үшін 1123,6 мың тонна қажет. Қазір 695,8 мың тонна көмір немесе 62% жеткізілді.

19 тамыздағы деректерге сәйкес, облыстағы теміржол тұйықтарында 38,3 мың тонна көмір бар. Облыс тұрғындары үшін бір тонна көмірдің орташа бағасы - 12 500 теңге.

Жылыту маусымына дайындық үнемі бақылауда.


Соңғы жаңалықтар