ШҚО тұрғындарының 60 пайыздан астамы вакцинаның бірінші компонентін алды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының 60 пайыздан астамы коронавирус вакцинасының бірінші компонентін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, елімізде COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салына басталғалы бері өңірге 964 620 доза жеткізілген. Оның ішінде бірінші компонент – 551 720, екінші компонент – 412 900.

«Облыста осы уақытқа дейін вакцинаның төрт түрі, атап айтқанда «Спутник V», QazVac, Hayat-Vax, CoronaVac болған. Бірақ бүгінгі таңда азаматтарға тек екеуі, яғни «Спутник V» мен отандық QazVac екпелері ғана қолжетімді. Барлығы бірінші компоненттің 68 мың, ал екіншісінің 29 мың дозасы қалды. Қытайдың Sinopharm вакцинасы осы айда жеткізіледі деп күтілуде», - делінген ақпаратта.

Қазан айына дейін аймақ бойынша 747 мың адам екпе алады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта 483 мыңнан астам тұрғынға вакцинаның бірінші компоненті салынды. Бұл облыс халқының 65 пайызы. Ал екінші компонентті 383 мың азамат алған.



Соңғы жаңалықтар