ШҚО тұрғыны жарнама арқылы икона сатпақ болған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Жарнама сайтында діни бұйым, икона сатпақ болған ШҚО тұрғынына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат kaz.altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО тұрғыны жарнама арқылы икона сатпақ болған

«Глубокое ауданының тұрғыны белгілі жарнамалық сайт арқылы икона (христиан дiнiнде құдайды, әулиелердi бейнелеген сурет - авт.) сатпақ болған. Ер адамның айтуынша, діни атрибутикаға жататын заттарды арнайы орындарға ғана сату жөніндегі талаптан бейхабар болған», делінген хабарламада.

Глубокое аудандық сотының шешімі бойынша К. есімді азамат кінәлі деп табылып, әкімшілік жазаға тартылды. Оған 120 мың теңге мөлшерінде айыппұлды төлеу міндеттелді.