ШҚО тұрғынынан үш келіден астам марихуана тәркіленді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғынынан үш келіден астам марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Алтай аудандық полиция бөлімімен бірлесіп «Қарасора-2020» жедел алдын алу шарасы барысында 45 жастағы ер адамды ұстаған.
«Күдіктінің үйін тінту кезінде 3 келіден астам марихуана тәркіленді. Ол марихуананы өзі пайдалану мақсатында сақтаған», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Ұсталған адам есірткінің мұндай мөлшерін қалай қолданғысы келгенін түсіндіре алмаған.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
