ШҚО тұрғынының пешінен марихуана табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны пешке марихуана жасырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Риддер қалалық полиция бөлімінің сақшылары есірткі сақтаған 43 жастағы ер адамды анықтады.

«Шаһар тұрғыны есірткіні пеш артындағы пластикалық бөтелкеде сақтаған. Сараптама нәтижесіне сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 471,99 граммды құрайтын кептірілген марихуана болып шықты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар