ШҚО түрмесінде жұмыспен қамтылған сотталғандар құрылыс материалдарын дайындауда

None
Фото: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде жұмыспен қамтылған сотталғандар құрылыс материалдарын дайындауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі №17 түзету мекемесінде 50 мыңнан астам полистиролбетон дайындалған.

«Қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колонияда 3 жыл бойы полистиролбетон өнімі шығарылуда. Бүгінгі таңда өндірісте 10-нан астам сотталған жұмыспен қамтылған. Өндірістің алып жатқан жер аумағы 1220,2 шаршы метрді құрайды. Дайын өнімдер облыс нарығына жеткізілуде», - делінген ақпаратта.


Түзету мекемесі бастығының орынбасары Олжас Жақсыбаевтың айтуынша, сотталған адамды жұмыспен қамтудың негізгі міндеті – түрмеден босатылғаннан кейін қоғамға тез бейімделуіне жағдай жасау.

«Сотталғандар өз еңбектері үшін жалақы алады, талап-арыздарын өтеп, алимент төлейді. Осылайша, еңбекке деген дағдыларын жоғалтпайтын сотталғандар бостандыққа шыққаннан кейін өздеріне және отбасыларына қамқорлығын көрсете алады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар
telegram