ШҚО ТЖД-нің төрт қызметкері су тасқыны кезінде көрсеткен ерліктері үшін медальдарға ие болды

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 7-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - ШҚО ТЖД-нің басшысы Руслан Нұрбатчанов су тасқыны кезінде адам құтқаруда көрсеткен ерліктері үшін өзінің төрт әріптесіне Төтенше жағдайлар министрлігі атынан министр Владимир Божконың қолы қойылған медальдарды табыс етті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
None
None

Медальдарды Зайсан, Тарбағатай, Жарма аудандарының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары Мереке Қаскенов (Зайсан ауданы), Бақытбек Нұрғалиев (Тарбағатай ауданы), Төлеген Ахметкәрімов (Жарма ауданы) және Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылының жүргізушісі Дархан Байғалиев алды.

Сонымен қатар, адамдарды құтқару операциялары мен төтенше жағдайды жою барысында ерекше көзге түскен басқа да көптеген жауынгерлер құрмет грамоталары, алғыс хаттары, медальдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар