ШҚО-ның Ұлан ауданында 2 жасар бала Садыр көліне батып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында саяжайдағы үй ауласында ойнап жүрген бала Садыр көліне құлап, батып кетті, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Абай облысы
Фото: Polisia.kz

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 2022 жылы туған бала ата-анасының назарынан тыс қалған.

Министрлік өкілдері ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды.

«Су айдындарында балаларды ойнауға жібермеу қажет. Төтенше жағдай болғанда 112 нөмеріне хабарлаңыздар»,-делінген хабарламада.