ШҚО: Үржардан Аягөзге гуманитарлық көмек жөнелтілді

ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен Аягөз ауданына көмек ретінде 10 тонна ұн тиелген жүк көлігі аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО: Үржардан Аягөзге гуманитарлық көмек жөнелтілді

Көрші ауданға бағытталған көмек керуенін Үржар аудандық мәслихатының хатшысы Қаленбек Қарашев пен «Нұр Отан» партиясы Үржар ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтыбай Баймұратов бастап барды.

«Жақында ғана Үржар ауданының мекеме басшыларына, шаруашылық жетекшілері мен кәсіпкерлерге үндеу тастағанбыз. Олар қол ұшын созудан бас тартпады. Ауданда арнайы қор ашылып, онда жомарт жандар қаражатын әлі де аударып жатыр. Бүгін міне, аудандағы ірі кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшыларының демеушілігімен 10 тонна ұн сатып алынып, гуманитарлық көмек қоймасына тапсырылды. Қиындық шегіп жатқан ағайынға бұл аз да болса септігін тигізеді деп сенеміз», - дейді Бақтыбай Баймұратов.
null

null  

Айта кетерлігі, Аягөз ауданына көмек мұнымен тоқталмайды. Қазір жұрт тарапынан гуманитарлық көмек бойынша ашылған шотқа қаражат аударылуда. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес көрші ауданға көмек көрсету шарасына ең бірінші кезекте кәсіпкерлер белсене атсалысып жатыр.