ШҚО және Ақтөбе облысында қарлы бұрқасын болады, Алматы облысының солтүстігінде аяз күшейеді, - 19 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы тұрақсыз болады, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ орнап, жел күшейеді.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, Жалаңашкөл аумағында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде - тұман, көктайғақ, күндіз Қостанай облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жекелеген жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде аздаған қарлы бұрқасынмен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жарма ауданында желдің екпіні 25 м/с-ты құрайды.
Қарағанды облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ орнайды деп күтілуде, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.
Күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде аздаған қарлы бұрқасынмен 15-20 м/с жылдамдықпег жел соғады. Түнде Алматы облысының солтүстігінде күшті аяз болады деп күтілуде.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.