ШҚО: Жарма ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 9 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық ҰҚК департаменті Жарма ауданының әкімін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО: Жарма ауданының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды

ШҚО Жарма ауданының әкімі Н.Сыдықов жер учаскесін ұзақ мерзімге жалға алу құқығын қайта рәсімдеу туралы мәселені шешу үшін кәсіпкер Л.-дан 800 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Н.Сыдықов уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.