ШҚО жүргізушілері медициналық анықтамалардың қымбаттауына наразы

Қоғамдық қабылдаудың алғашқы күнінде жүргізуші куәлігін алу немесе айырбастау барысында туындайтын ең өткір мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, сөз наркологиялық және психиатриялық диспансерден медициналық куәландырудан өту жайында болып отыр. Жүргізуші куәлігін айырбастау немесе ауыстыру барысында осы екі жеке анықтамаларды алуы қажет. Соның негізінде құны шамамен мың теңгені құрайтын үшінші «жүргізуші анықтамасы» беріледі. Осыдан кейін жүргізуші мемлекеттік баж салығын төлеуі тиіс. Жаңа талапқа сәйкес жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда көлік иесінің рульге отыруға құқы жоқ.
Дәл осы күні қабылдауға келген жүргізуші Сергей Нечаев медициналық анықтамалардың әрқайсысының құны 4 мың теңгеден асатындығына түсінбей дал. Демек, екі анықтамаға 9 мың теңге төлеуге тура келеді. Ал олардың орнына жұмысқа орналасу барысында алатын 250 теңгелік медициналық анықтаманы неге қолдануға болмайды?
Қоғамдық қабылдау мүшелері бұл сұраққа байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасына «дәрігерлер қызметінің қымбаттауын» түсіндіруін талап етіп сауал дайындады және қалалықтарға жауап келген соң бірден хабарлауға уәде берді. Осы күні ішкі істер департаментінің емтихан алу, тіркеу қызметіне де қатысты көптеген сұрақ түсті. Әкімшілік полиция қызметкерлерінің түсіндіруінше, көлік жүргізуді үйренгісі келген азаматтар наркологиялық және психиатриялық диспансерден медициналық анықтама алмайынша рульге отыруларына құқықтары жоқ.