Шілде айында ауа райы қалай болады – синоптиктер болжамы

ыстық ауа райы
Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидрометтің» шілде айына болжамына сәйкес, айдың бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклон және атмосфералық фронталды бөліктер өтіп, күн құбылып тұрады.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Республиканың солтүстігі мен шығысында ауаның температурасы түнде +10+15°С, күндіз +18+28°С дейін; республика орталығында түнде +10+18°С, күндіз +22+28°С дейін төмендейді, оңтүстік-шығыста түнде +15+20°С, күндіз +22+30°С ыстық болады.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы түнде +12+17°С-тан +20+28°C-қа дейін, күндіз +27+32°C-тан +35+43°C-қа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

Бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде ыстық күндер қысқа уақытқа найзағай, екпінді жел, бұршақ және шаңды дауылмен салқын және жаңбырлы күндерге ауысады.

Республиканың батысында түнде +15+22°С-тан +19+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +33+38°С-қа дейін;

солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7+17°С-тан +15+23°С-қа дейін, күндіз +17+27°С-тан +30+37°С-қа дейін;

оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +30+36°С-тан +35+43°С-қа дейін;

оңтүстік-шығыста түнде +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін, күндіз +25+36°С-тан +33+40°С-қа дейін ыстық болады.

Соңғы жаңалықтар