Шілде айында қазақстандықтар неше күн демалады
АСТАНА. KAZINFORM — Биыл шілде айында елімізде бір мемлекеттік мереке тойланады. Күнтізбелік есепке сәйкес, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтардың демалыс күндері әртүрлі болады.
Қазақстанда 6 шілде мемлекеттік мереке — Астана күні аталып өтеді.
Электронды үкімет порталында жарияланған мерекелік және демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 6 шілде дүйсенбіге сай келмек. Сол себепті, қазақстандықтар 4, 5 және 6 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі) үш күн қатарынан демалады.
Ал жұмыс аптасы сейсенбі, 7 шілдеден басталады.
Алты күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлер үшін 4 шілде, сенбі толық жұмыс күні болып қала береді. Олар 5 және 6 шілде (жексенбі, дүйсенбі) демалады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 2026 жылдың шілде айында 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар.
Ал алты күндік жұмыс кестесі бар қызметкерлер 5 күн демалып, 26 күн жұмыс істейді.
Айта кетейік, бұған дейін маусым айында қазақстандықтар қанша күн демалатынын жазғанбыз.