«Шнобель» сыйлығын «Нобель» сыйлығының иегерлері тапсырды

АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Гарвардта Шнобель сыйлығының иегерлері белгілі болды.

«Шнобель» сыйлығын «Нобель» сыйлығының иегерлері тапсырды

Осымен 22-мәрте өткізіліп отырған шарада алдымен адамның күлкісін тудырып, артынан терең ойға жетелейтін өнер туындыларының иелері анықталады. Бұл туралы BAG.kz хабарлайды.

 Сыйлыққа ие болғандардың ішінде құланның құйрығының қозғалу траекториясын түсіндіріп берген бір топ АҚШ және британ ғалымдары бар. Сонымен қатар, өлген балықтың миының активтілігін анықтайтын құрылғы жасап шығарғандары үшін АҚШ-тың нейрофизиктеріне құрмет көрсетілді.
Әдебиет саласында "Есеп беру туралы есеп берген" АҚШ-тың Есеп палатасының қызметкерлері үздік деп танылды. Шнобель сыйлығының лауреаттарының ішінде, сонымен қатар, Эйфель мұнарасына басты солға қарай еңкейтіп қараған кезде оның не себепті кішірек болып көрінетіндігі туралы психологиялық сұраққа жауап берген голландиялық ғалымдар бар. Speech Jamme құрылғысын жасап шығарған жапон ғалымдары да назардан тыс қалған жоқ. Бұл аппарат көп сөйлей беретін мылжыңдардың миын дезориентациялау арқылы "аузын жабуға" арналған.
Сыйлықты бірнеше орыс ғалымдары да алды. Мәселен ресейлік SKN компаниясы ескі жарылғыш заттан алмаз жасап шығарудың жолын тапқан. Ал Санта Барбара университетінде оқып жатқан Руслан Кречетников адамның қолындағы кесесіндегі кофенің жүріп бара жатқанда шашырап, төгілуінің себебін анықтады. Руслан мен американдық Ханс Майердің бірігіп жүргізген бұл зерттеуі де лауреаттар қатарынан табылды.