Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шөбересі Facebook арқылы 150 жыл бұрын тігілген әжесінің той көйлегін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Ист-Лотиан (Шотландия)  облысының тұрғыны химиялық тазалау орнында 150  жыл бұрын тігілген әжесінің той көйлегін тауып алды. Бұл туралы «Би-би-си» хабарлады.

Шөбересі Facebook арқылы 150 жыл бұрын тігілген әжесінің той көйлегін тапты

29 жастағы Тесс Ньюалл (Tess Newall)   Facebook әлеуметтік желісінде көйлектің жоғалғаны жайлы хабарлама жариялаған. Әйел оны  Kleen Cleaners  тазалау орнына  2016 жылы қыркүйекте берген, алайда бір айдан кейін ол жабылып қалған.   

Басылым ақпаратына сәйкес көйлекті тазалау орны орналасқан ғимарат иесі тауып алған. С Ньюаллға Wylie & Bisset бухгалтериялық фирмасының әкімшілігі хабарласып, бір аптадан кейін көйлекті қайтарып беруге уәде берген.