Шоколад артық салмақтан арылуға көмектеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тамақтану және денсаулықты сақтау инстутында жүргізілген жаңа зерттеу шоколад пен көмірсулардың аз көлемін пайдаланумен ұстанған емдәмнің артық салмақтан арылғысы келген адамдарға үздік нәтижеге қол жеткізуге көмектесе алатынын көрсетті. Ғалымдардың айтуынша, салмақтан арылу үшін көмірсуларды пайдалануды шектеу жеткіліксіз. Ол үшін белгілі бір азық-түліктерді құрамдастыру керек, деп жазады Zee News.
None
None

Емдәмнің тиімділігі тағам мөлшерінде биологиялық белсенді қосылыстардың болуына байланысты. Ондай қосылыстар - флавоноидтер шоколадтың құрамында бар. Олардың денсаулық үшін өте пайдалы екені белгілі. Зерттеуге 19-67 жас аралығындағы еріктілер қатысқан. Оларды үш топқа бөлді: бірінші топ көмірсулар құрамы төмен емдәмді қатаң ұстанса, екіншісі ондай емдәммен қоса күніне 42 грамм қара шоколадты жеген. Бақылау тобы болса, әдеттегідей тамақтанған.

Бірінші және екінші топтың қатысушылары көмірсуы төмен емдәмнің арқасында бақылау тобының қатысушыларына қарағанда салмақтан арылған. Қара шоколадты жеген адамдар бірінші топтағы еріктілерге қарағанда 10 пайызға артық салмақ тастаған. Мамандар тек шоколадты жеу салмақтың арылуына көмектеспейтінін атап өтуде. Оны емдәм және физикалық жаттығулармен қосу маңызды болып табылады.

Соңғы жаңалықтар