Шөлден қаталаған мыңдаған түйелер австралиялық қалаға шабуыл жасады
АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат - Шамамен алты мың жабайы түйелер елдің солтүстігінде орналасқан австралиялық шағын елді мекен Докер Риверге шабуыл жасады (Docker River),
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы Роб Найттың айтуынша, осы аумаққа су іздеп келген жануарлар нағыз бүлдірумен айналысып жатқан көрінеді.
Түйелер үйлерге кіріп келіп су құйылған ыдыстарды қиратқан. Сонымен қатар, олар әуежайдағы апаттық ұшу-қону жолағын да бүлдірген. Найттың айтуынша, жағдай қиындай түскен - түйелер 350-ге жуық адам тұратын елді мекеннің инфрақұрылымын бұзуда.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, таяу күндері жануарлар тікұшақтардың көмегімен елді мекеннен қашыққа әкетіледі және атып тасталмақшы.