«Шолу шеңбері» аттракционы Астана күні қарсаңында ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шолу шеңбері» деген атаумен белгілі аттракцион Қазақстандағы атрракциондардың ең биігі болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
None
None

Нысанның биіктігі 65 метр, бұл 22 қабатты ғимараттың биіктігімен бірдей. Салыстырмалы түрде алсақ алматылық аттракционның биіктігі 60 метр. ТМД елдерінің ішінде ең биік айналмалы дөңгелек Мәскеуде орналасқан. Оның биіктігі 73 метр.

Жаңа «дөңгелектің» ауа баптағышпен әрі жылыту қондырғысы орнатылған 36 кабинасы бар. Бұл аттракционды жылдың кез келген мезгілінде қолдануға мүмкіндік береді.

Нысанның құрылысы кезінде елорданың климаттық жағдайы ескерілді.

«Айналмалы аттракцион жел тармақтары тәртібі бойынша арнайы төрт бағанмен орнатылды. Аттракционда қыста - 15 градустан аспайтын аязда және секундына 20 метр жылдамдықтан аспайтын жел кезінде де серуендеуге болады», - деді нысанның құрылысымен айналысатын мердігер компания өкілі медиа орталықтың тілшісіне.

Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

Соңғы жаңалықтар