Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен астаналық жазаланды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда тұрғыны шомылуға тыйым салынған жерде суға түскені үшін жазаланды
Фото: Астана әкімдігі

Қалалық қызметтер су айдындарында патрульдеу жұмысын жүргізіп қана қоймай, әлеуметтік желілерге де мониторинг жасап, ережені бұзушыларды анықтап жатыр.

Мәселен, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында 1990 жылы туған азаматшаның шомылуға тыйым салынған жерде суға түскені анықталды. Оған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қолданылды.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

— Суға тек арнайы рұқсат етілген орындарда түсіп, шомылуға тыйым салынған жерлерде суға кірмеген жөн. Өзіңіз бен жақындарыңызға өміріне абай болыңыз, — деп ескертті ведомство.

Бұған дейін Павлодарда Сәтбаев атындағы каналда ер адам суға батып кеткенін жазғанбыз.