Шомылу маусымы қайғылы хабарларды жиі әкеле бастады

АСТАНА. Маусымның 11-і. ҚазАқпарат – Республика суларында шомылу маусымы басталғалы бері күн сайын бірнеше адам суға кетуде,

Шомылу  маусымы    қайғылы хабарларды  жиі   әкеле бастады
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атап айтқанда, сәрсенбі күні Алматы қаласында, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында суға шомылу кезінде өзен-көлдерде 8 адам суға кеткен. Суға батқандардың арасында 14 жасар бала, алты ересек азамат және 47 жастағы әйел бар. Олардың барлығының денелерін құтқару қызметтері судан алып шықты.