Шомылу мезгілі ашылуының алдында 4000-нан астам су айдыны түгенделді

АСТАНА. 18 маусым. ҚазАқпарат - Шомылу мезгілі ашылуының алдында 4000-нан астам су айдыны түгенделді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов мәлім етті.

Шомылу мезгілі ашылуының алдында 4000-нан астам су айдыны түгенделді

Оның атап өтуінше, министрлік су айдындарында азаматтардың қаза болуына жол бермеу мақсатында 58 су құтқару стансасының, 22 құтқару бекетінің, 7 маневрлеу-іздестіруші топтары мен 13 сүңгуір апаттық құтқару жасағының жеке құрамын жоғары дайындыққа келтірді.
Шомылу мезгілі ашылуының алдында 4000-нан астам су айдыны түгенделді, суға шомылу және демалу аймақтары үшін пайдаланылатын су түбін қауіпті заттардан тазарту бойынша сүңгуір жұмыстары жүргізілді, 535 шомылуға арналған демалу аймағы анықталды, 960 су акваториясы нақты адамдарға бекітілді.

Жаз мезгілінде облыстың су айдындарында қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқаулар жүргізілді, су айдындары маңында орналасқан 200 балалар лагері ерекше бақылауға алынды.
Оның сөзіне қарағанда, адамдардың су айдындарында қаза болуының негізгі себептері жүзе алмаушылық, жеке құтқару құралдарының болмауы және өз күшін дұрыс бағаламағандығы, мас күйде шомылу, су айдыны маңында балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыруы болып табылады.