Шөп шауып жүрген адамға жай түсіп, қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Жалалабат облысындағы Ақсый ауданында ер адамды найзағай соқты. Бұл туралы «Кабар» агенттігі Қырғыз Республикасы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шөп шауып жүрген адамға жай түсіп, қаза тапты

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жазатайым оқиға 12 тамыз күні шамамен 08:30-дарда Таштак қаласында болған. 1980 жылы туған ер адам Ш.Т.К. ауыл шетінде шөп орып жүргенде жай түсіп, оқиға орнында қаза тапқан.