Шөптен жасалған Құран кітабы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасалған уақытынан араға отыз жыл өткізіп, Дубай қаласында Құран Кәрімнің әлемдегі тұңғыш шөптен жасалған нұсқасы табылды. «Біз үшін осы қасиетті Құран кітабының тамаша нұсқасын жасауға өмірін арнаған Хаким Хамди Тахердің еңбегіне ие болу үлкен бақыт» дейді көркемөнер саласы бойынша Ислам кеңесшісі Азиз бин Хассан Мулави Малабари. Бұл туралы muslim.kz хабарлады.
None
None

Түрік дәрігері Хамди Тахердің 22 жылғы көз майын тауысып жасаған Құран кітабы Юнани медицина жүйесіне сәйкес «жоғары концентратты» шөп қоспаларынан тұрады. Шамамен 200 компоненттен тұратын бұл тамаша туындының емдік терапевтік те қасиеттері бар. Оны оқыған оқырманның Құран кітабын парақтап ашқанда адам денсаулығына тигізер пайдасы да анықталды.

Мұның мәні, саусақ арқылы шөп қоспалары өз пайдасын тигізетіндігінде болып отыр. 7,5 кг салмақ тартатын қасиетті кітаптың құрамында мынадай элементтер бар: Юнани медицинасында қолданылатын жеміс, өсімдік тұқымы, жапырақ, сабақ және тамыр, қабықтары. Юнани араб тілінде «ионийлік», яғни «гректік» деген мағына береді. Бұл медицина тарих бетінде 6 ғасырдан астам өмір сүріп келеді.

Соңғы жаңалықтар