Шорт-трек: Абзал Әжіғалиев әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды

  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандықАбзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

А финалында жарыс жолына бес спортшы шықты.

Бәсеке барысында екінші орында келе жатқан Абзал ең соңғы сәтте ғана күміс медальды уысынан шығарып алды.

Осылайша 500 метрлік қашықтықта Олимпиада чемпионы,канадалық Самуэль Жирар жеңімпаз атанды. Абзалдан конькиі ғана озған тағы бір  атақты спортшы, венгриялық Шаоанг Лю екінші орынға көтерілді.

В финалында екі-ақ спортшы жүгірді. Қорытындысында Денис Никиша жетінші орынға тұрақтады.

Батыс Қазақстанда туып-өсіп, қазір Астана атынан шығып жүрген Абзал Әжіғалиев бұдан бұрын Калгари қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде дәл осы қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
null null 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қос қазақстандық спортшының 500 метр қашықтықта финалға өткенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар