Шорт-трек: Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2-4 қараша аралығында Канаданың Калгари қаласында шорт-тректен өтетін әлем кубогінің бірінші кезеңінде ел намысын қорғайтын спортшыларымыз белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шорт-трекшілердің жаңа маусымын бастайтын алғашқы ресми дода болмақ.
Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын Қазақстан құрама командасы жарысқа төмендегі құрамда қатысады.
Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали.
Әйелдер: Анастасия Крестова, Ким Ионг А, Әсел Тайшыманова, Ольга Тихонова.
Әлем кубогының екінші кезеңі 9-11 қараша күндері АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді.
Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі