Шорт-тректен әлем кубогы: Абзал Әжіғалиев 1000 метрлікте финалға жолдама алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шорт-тректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев үшін Алматыда әлем кубогы кезеңі сәтті басталды. Ол өзінің оң жамбасына келетін 500 метрде және 1000 метрлік жарыста жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Шорт-тректен әлем кубогы: Абзал Әжіғалиев 1000 метрлікте финалға жолдама алды

Кеше, 7 желтоқсан  күні Әжіғалиев 500 метрге жарысуда іріктеу сынынан сүрінбей өтіп. өз тобында бірінші орын иеленген болатын. 

1000 метрде сынға түскен спортшымыз іріктеуден сәтті өтіп, келесі айналымға жолдама алды. Жартылай финалда ол алғашқы екі орынға іліге алмады. Десе де, видеоқайталау арқылы кеңескен бапкерлер Абзалды «А» финалына өткізді. 

1000 метрде бақ сынаған тағы бір спортшымыз Денис Никиша үздіктер қатарынан көрінген жоқ. 

Жартылай финалдық және финалдық бәсекелер бүгін өтеді.