Шорт-тректен Әлем кубогы кезеңінде «қола» бұйырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шорт-трекші Анастасия Крестова Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогының төртінші кезеңінде қола медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

«Анастасия Крестова Әлем кубогының "В" финалында үшінші орын алды.  Ол 1500 метрді 2:37.255 уақытта жүгіріп өтті. Екінші орында қытайлық Ихан Гуо, оның уақыты - 2:35.806. Ұлыбританиялық Элиза Кристи 2:35:781 уақытымен бірінші орыннан көрінді», - делінген таратылған хабарламада.

Айта кетейік, шорт тректен Әлем кубогының IV кезеңі 19 қарашаға дейін жалғасады. Лицензиялық жарыстардан кейін спортшылардың Олимпиада ойындарына жолдама алу мүмкіндігі бар. Рейтинг Әлем кубогының төрт кезеңі бойынша жасалады.  Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін спортшы топ-36 (1500 м. ерлер мен әйелдер), топ-32 (500 және 1000 м) рейтингіне енуі керек. Эстафетаға 8 команда қатыса алады.

  

  

Соңғы жаңалықтар